Diaverum – бүйрек дертіне шалдыққан науқастарды емдеумен айналысатын, әлемдегі жеке ірі ұйымның бірі. Біз аурудың алдын алудың, диализ жасай отырып емдеудің, бүйрек ауыстырылып қондырылғаннан кейін жасалатын емшаралардың, қалыпты өмір салтын қалыптастырудың ең тиімді әдістерін даярлауға бар күшімізді саламыз.
Жер бетіндегі ересек тұрғындардың бес пайыздан астамында қандай да бір белгілі бүйрек ауруы бар. Екі миллионға жуық адам аптасына бірнеше рет тұрақты түрде диализдік емшара қабылдауға мәжбүр.
Біз өз науқастарымызды, олардың қажеттіліктерін, олардың аурумен шектелмеген қалыпты өмір сүруге деген құлшыныстарын жақсы білеміз. Біздің мақсатымыз – емханадағы науқастарға ынтымақтастық ахуалы мен үйдегідей жайлылық сыйлау, емханадан жадырап, жаңа күнге қанаттанып шығуына ұмтылу.